A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРҒА ЖАЗЫЛУ

Павлодар облысының мәдениет мекемелері арасында келушілер саны ең жоғары болып саналатын мекеме - С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана. Бұған себеп керекті ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар уақытты толық және қызықты өткізу мүмкіндігі бар.

Қазақстан және Ресейдің мерзімді басылымдарының 450 атауына жазылу арқылы халықтың әртүрлі топтарына қызмет көрсетіледі. Біздің оқырман арасында: оқушылар мен студенттер, зейнеткерлер, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау қызметкерлері, фирма басқарушылары, жас кәсіпкерлер.

Біздің оқырмандардың сұраныстарын білу, зерттеу және көзқарастарын ескеру -кітапхана жұмысының жетістігінің аса маңызды шарты. Сондықтан да мерзімді басылымдарға жазылу кезінде, социологиялық сұрақ-жауап жүргізгенде оқырман пікірлері ескеріледі.

Негізгі құжаттар (заңдар, жарлықтар, қаулылар) «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» орталық газеттерінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасының үкіметінің актілер жинағында», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарт бюллетенінде» жарияланады.

Экономистерге және қаржы қызметкерлеріне «Аль Пари», «Банки Казахстана», «Вопросы экономики», «Транзитная экономика», «Рынок ценных бумаг Казахстана», «Финансы Казахстана» және т.б. мамандандырылған басылымдар үлкен қызығушылық тудырады. Ал экономикалық белсенді жастардың арасында «Панорама», «Деловая неделя» газеттері көп сұраныста.

Заңгер сұраныстары – төрелік, салық, сот іс-тәжірибесі. Олар үшін «Тураби», «Фемида», «Правовая реформа в Казахстане», «Мир закона», «Человек и закон», «Бюллетень Верховного суда Республики Казахстан», «Бюллетень нормативно-правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан», «Вестник налоговой службы» журналдарын, «Заң газеті»және «Юридическая газета» газеттерін жаздырып аламыз. Сондай-ақ, оқырмандар «Параграф» аңықтамалық - құқықтық жүйесін қолдана алады.

Кәсіпкерлер және іскерлер үшін «Деловая неделя», «Деловой мир», «Астана», «Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету» қазақстандық басылымдарына ерекше көңіл аударылады. Осы басылымдар экономиканы дамыту факторларын құрастыруды ойлайтын басшыларға арналған.

Бухгалтерлер үшін облыстық кітапхана «Бюллетень бухгалтера», «Файл бухгалтера», «Бухгалтер плюс компьютер», «Библиотека бухгалтера и предпринимателя», «Бухгалтер», «Труд. Зарплата. Пенсия» және т.б. жаздырып алады.

Құқық, әлеуметтік сұрақтар, ақытөлеу, өтемақы, зейнетақы бойынша ақпаратты «Бюллетень Министерства труда и социальной защиты населения РК», «Вопросы труда и социального обеспечения», «Труд в Казахстане» атты басылымдардан алуға болады.

Қазақстан даму Институтының аса мақтанышы - тоқсан сайын шығатын «Евразийское сообщество: общество, политика, культура» ғылыми-теориялық журналы және ай сайын шығатын «Саясат» ақпаратты-аналитикалық журналы болып саналады.

Облыстық кітапхана мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді. Біз қазақ тілінде 51 журнал және 25 газет жаздырып аламыз. Бұлар Республикада шығатын басылымдар. Қазақ тілін үйренуге «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» мерзімді басылымдары көмек көрсетеді. «Таң- Шолпан» және «Жұлдыз» журналдарын сүйіп оқитын оқырмандар жаңа романдармен, повестермен және қазақ ақындарының шығармаларымен таныса алады.

Мұғалімдер, аспиранттар және ғылыми қызметкерлері «Вестник КазГУ», «Биологическая», «Географическая», «Информационная», «Историческая», «Филологическая», «Химическая», «Экологическая», «Психологическая», «Политология. Философия», «Журналистика» серияларымен, «Вестник университета «Туран», «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», «Бастауыш мектеп», «Биология, география және химия», «Қазақ тарихы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Народное образование» және т.б.газеттер және журналдарын қолданады.

«Мир ПК», «Computer Club Мagazine» басылымдары IT-мамандарына көмек көрсетеді. «Компьютер Пресс» журналында бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, желілер, мультимедия, жаңа жасалымдар жарияланады. Журналға қосымша компакт-диск беріледі, дискіні кітапханада көруге болады.

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан да, біз «Физкультура и спорт», «Здоровье – АиФ», «Здоровый образ жизни» газет және журналдарына жазыламыз. 1955 жылдан бастап шығатын, кеңінен таралған Ресей журналы «Здоровье» дені сау, мейірімді, белсенді болуға тырысатын оқырмандар үшін. Айсайын шығатын қазақстандық «Денсаулық» журналы, нағыз дос-оқырмандарын тапты. Басылым мақсаты – отбасына байланысты пайдалы ақпарат, маман кеңесін, емдеуде және ауруларға профилактика көрсету жаңалықтарын жеткізу.

Біздің кітапханада керекті ақпаратты алуымен қатар, мерзімді басылымдарды оқуға болады. Әйелдерге «Крестьянка» («Хозяюшка», «Мода в доме», «Наша усадьба» қосымшаларымен), «Домашний очаг», «Дом и интерьер», «Мой уютный дом», «Женщина за рулем», «Работница», «Журнал Мод», «Бурда», «Сандра» және т.б. басылымдар арналған. Айсайын шығатын «Қазақстан әйелдері» журналы – отбасы, әйел, ана және бала туралы мәселелерді жариялайды.

Нағыз ерлерге «Все об охоте в Казахстане», «Охота и охотничье хозяйство», «Рыболов», «Плейбой», «Автомир», «Sport KZ», «Футбол», «Спортивная жизнь России», «Cпорт Казахстан», «Мото» және т.б. басылымдар арналған. «За рулем» журналы автомобилдерді сүюшілер үшін үздік деп таңылған, ал бізде бұл басылымның 1972 жылдан бергі сандарын таба аласыздар.

Бағбан сүюшілерге, үй жанындағы шаруашылық жүргізушілерге «Цветоводство», «Сад и огород», «Ваш сад», «Цветочный дом», «Приусадебное хозяйство», «Пчеловодство», «Приусадебная газета», «Мой прекрасный сад» журналдары көмек көрсетеді. Онда жеміс, жидектерді қалай өсіру керектігін, үй жануарларын күту, араларды бағу, жер телімінде түрлі құрылыс құру туралы мәліметтер беріледі. Астық өнімдерін сақтау және өңдеу бойынша пайдалы кеңестер бар.

Балалар және жасөспірімдер мерзімді басылымдарының көлемі кеңейді: «Балбұлақ», «Мөлдір бұлақ», «Бала би», «¥лан», «Балдырған», «Дружные ребята», «АиФ «Детская энциклопедия», «АиФ «Кот и пес», «Клепа», «Журнал сказок», «Игра и дети», «Колокольчик», «Мурзилка», «Миша», «Ералаш», «Веселые картинки», «Путеводная звезда», « Школьное чтение», «Юный натуралист», «Моделист-конструктор», «Юный техник», «Юный художник» және т.б. Облыстық кітапхананың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша жасөспірімдер оқитын журналдардың рейтингі былайша бөлінді: «Ровесник», «Лиза», «Маруся», «Вокруг света», «Детская роман-газета» басылымдары.

Кітапхананың «Алтын қор»-ын 60 жылдардан бастап сақталған әдеби-көркемдік «Новый мир», «Знамя», «Дружба народов», «Звезда», «Иностранная литература», «Молодая гвардия», «Октябрь», «Наш современник», «Простор» журналдары құрайды.

Тәуелсіздіктің құрдасы (1991 жылдан бастап шығатын) «Нива» журналы қазақстандық ақын және прозашыларының шығармаларын, Ресейдің әйгілі жазушыларының туындыларын, Қазақстанның өнері, көпұлттық мәдениеті және рухани мәселелерін көтереді. Журнал беттерінде павлодарлық авторлардың шығармалары жиі басылынады.

Құрметті біздің оқырмандар, өздеріңіздің сүйікті мерзімді басылымыңызды рахаттанып оқуларыңызға тілектеспіз!

Кітапхана алатын мерзімді басылымдар тізімі