A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Қорлар және коллекциялар

Өзінің ұзақ уақыт тарихында облыстық кітапхана кітап қазына қоймасының төлтумасына айналды. Кітапхана өзінің бірегей авторлық құрылымымен, тақырыптық мазмұнымен, мерзім басылымымен кітап жинағын құрастырды. Жергілікті және өлкетану басылымдары мұқият жиналады. Кітапханада әмбебап қоры әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, табиғи-географиялық және демографиялық облыс ерекшелігі бойынша жинақталған. Айтарлықтай қазақ классиктерінің, қоғамдық-саяси әдебиеттер, философия бойынша кітаптар, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, өнер және өлкетану тақырыбы бойынша басылымдар толық көрсетілген.

Он жылдармен қалыптасқан - бірегей коллекциялар, кітап қорының мақтанышы.
- XIX ғ. аяғы XX ғ. ортасындағы басылым
- Қазақстан туралы кітаптар, қазақ мөрі
- факсимильдік және репринттік басылымдар
- миниатюрлар
- қолтаңбалар

Кітапхананың сирек кітаптар қоры – 1000 аса дана кітап. Соның ішінде ХIХ ғ. ортасы ХХ ғасыр басылымдары кіреді. Орыс әдебиет классиктері В. Белинский, Ф. Достоевский, Я. Полонский, Д. Григоровичтің, В. Короленконың және т.б. тірі кездеріндегі басылымдары. Бұл қордың ең маңызды бөлігі сирек өлкетану басылымдары - «1915 ж. Семей облысының ауылшаруашылығына шолу», «Елді мекен тізімі», 1917, 1927, 1929 жылдары «Семей губерниясының жылнамасы», «Семейдің Қазақстанды зерттеу Қоғам бөлімінің жазбалары». Бірегей басылым - көрнекті зерттеушілер Е. Водовозовтың "Жизнь европейских народов" (1877), Г. Джаншиевтің "Эпоха великих реформ" (1907), П. Крыловтің "Флора и фауна Томской губернии"(1908), сондай-ақ , Ф.А. Брокгаузтің және И. А. Ефронның (1890-1903) "Энциклопедический словарь", Ағайынды Гранаттардың (1910-1915) «Энциклопедический словарь» еңбектері.

Кітапхана қоры коллекциясында факсимильдік және репринттік басылымдардан тұрады. Бұл "Изборник Святослава", «Сказание о Мамаевом побоище», «Повесть о Зосиме и Савватии», «Сказание о Борисе и Глебе», Н. Карамзин шығармалары, С.Соловьев,
В.Ключевский, Н. Костомаров және т.б.

Шағын басылымдар коллекциясы таңдандырады, ондағы ең кішкентай кітап - Джунаның «Поэзия и живопись» кітабі, көлемі 60x90 мм.

Ғылым, өнер және әдебиеттің аса көрнекті қайраткерлерінің қолтаңбалары бар сыйға тартылған кітаптар үлкен тарихи құндылық. Қолтаңбалар коллекциясы жылдар бойы жиналған. Павлодардың кітапханашылары және оқырмандары көрнекті сөз шеберлері: Всеволод Азаров, Лев Куклин, Вячеслав Кузнецов, Василий Лебедев, Евгений Долматовский және басқаларымен кездесті. Қазақ әдебиетінің және өнер кемеңгерлері: Дихан Әбілев, Қалижан Бекхожин, Қалмұқан Исабаев, Медеу Сәрсекеев, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сулейменов және т.б. өздерінің қолтаңбаларын қалдырды.

Оқырман сыйлықтары – кітапхана жинағында ерекше орын алады. Кітапхана Павлодар облысының мекемелеріне және тұрғындарына баспа басылымдарын сыйға тартқандары үшін үлкен алғысын білдіреді.

Соңғы жылдыры кітапхана электрондық тасымалдаушылармен табысты толықтырылуда. Қазақстанның облыстық кітапханалары арасында кітапхана өз қорының көлемімен алдыңғы орындардың бірінде.