A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Ауыл кітапханасы» бағдарламасы

Орындалу уақыты: 2004-2006 ж.ж.

Мақсаты: Ақпараттық, мәдениет, ағарту орталығы ретінде, ауыл тұрғындарының мәдениет құндылығына, ақпаратқа қолжетімді конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету барысында ауылдық кітапхананың дамуы.

Міндеттері:
- кітапхана инфрақұрылымының дамуы, ауылдық кітапханалардың ашылуы;
кітапхананың кітап қорын толықтыру, қордың сақталуын қамтамасыз ету;
- пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді толық жетілдіру;
- компьютерлендіру негізінде кітапханаларды жаңарту және автоматтандыру;
- кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту;

Күту нәтижесі:
Ауыл тұрғындарының мәдениет, білім деңгейін, облыста ауылдық кітапханалар жүйесін дамыту жолымен көтеру, олардың білімдерін, ақпараттық, мәдениет рөлін көтеру, қазіргі технологияларды олардың жұмыстарына ендіру, ақпараттық қызмет көрсетуді жаңарту және жетілдіру арқылы болашақта Қазақстанның біріккен ақпараттық кеңістігіне қосылу.

Ауылшаруашылық өндірісінің, ауыл өміріндегі болып жатқан экономикалық қайта құруда ақпараттық қолдау көрсету, кітапханалардың әлеуметті белсенділігін қамтамасыз ету.

Статистикалық көрсеткіштерінің өсуі: облыс бойынша ауылдық кітапханалар қызметінің кітаппен қамтамасыз етуі бір тұрғынға 4-6 кітапқа дейін; қордың жаңартылуы 10%-ға жақындатылған; облыстың ауыл тұрғындарын кітапханалық қызмет көрсетумен қамту 55% пайызға жеткен.

«Ауыл кiтапханасы 2004-2006 жж.» облыстық бағдарламасы, бұл бағдарламаның бастамашысы және негізгі дайындаушысы ОӘҒК болды, ол Павлодар Ертіс Өңірінің кітапханаларын жаңаландыру процестері үшін жақсы старттық алаңына айналды. Алғашқы рет, республикада аймақтық деңгейде ауылдық кітапханалардың 2004-2006 жылдары даму бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның тұсау кесері 2004 жылы қазан айында облыстық кітапханада Қазақстан Үкіметінің Вице-премьерінің қатысуымен өтті.

Бұл бағдарламаны қабылдау фактісінің өзі, облыс кітапханаларының мүддесін билік орындарының барлық деңгейіне жеткізуде облыстық кітапхананың ықпал жасағаны жарқын мысал ретінде атап өткен жөн.

Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті билік органдарының-аудандық, қалалық, ауылдық әкімшіліктерінің (әсіресе қаржы) қатысуынсыз болмас еді.

Бағдарлама модельдік ауылдық кітапхана құруға ықпал жасады. Ауылдық кітапханаларда компьютерлік техника процесін және ҚР Ұлттық кітапхананың «РАБИС» бағдарламасының өнімін қарқынды енгізу басталды. Барлық орталықтандырылған аудандық кітапханалар және 13 модельдік ауылдық кітапханалар компьютерлендірілген және автоматтандырылған. (әр ауданда 1-ден).

Облыстық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 2006 ж. «Кітапханалар - елдің қоғамдық даму және бәсекелесуге қабілетті ресурстық орталығы» атты республикалық семинар өтті. Жұмысқа мәдениет және ақпарат Министрі Е. К. Ертісбаев алғашқы рет қатысты. «ҚР мемлекеттік кітапханалық саясаты» атты баяндамасында бағдарламаны қабылдау және жүзеге асырудың маңыздылығын, сонымен қатар бұл бағдарламаның Қазақстан Республикасының кітапханалық саласында үлгілендіру бағдарламасының пилоттық жобасы деп атап өтті.