Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы | Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні |
Мемлекеттік гимн (1,46 Mb, mp3)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылтан талаптар
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне техникалық талаптарды белгілейді. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдары қолдануға міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтінім бойынша дайындалады.
Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінімге мыналарды қоса беруі тиіс:
- дәл, айқын, таза және түсінікті орындалған елтаңбалық мөрдің эскизі;
- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.
Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтін елтаңбалық мөрді жасаушы-кәсіпорын туралы ақпараттан (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) тұруы тиіс.
Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрдің тапсырыс берушісі туралы ақпаратты, салық тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.
Мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық объектілерді даярлауға лицензиясы бар кәсіпорындар елтаңбалық мөр дайындау мүмкін.
Павлодар облысында "Дом Печати" ЖШС елтаңбалық мөр лицензиямен дайындайды (Павлодар қ., Ленин көш., 143, тел. 32-41-77, 32-77-09).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы
Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже